Полицейлер Шерзат Полаттың марқұм ағасының көлігінен түсірілген кадрларға қатысты түсініктеме берді
Желіде Шерзат Полаттың ағасының денесі табылған жерден видео тараған еді. Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде жарияланған марқұмның көлігінің видеосына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде марқұмның көлігі көрсетілген.
"Бауырымыз осы жерде мерт болды. Жедел топ көлікті заңсыз жылжытты, бізге ештеңе көрсетпеді. Біз тергеу барысында көлікті тоқтаттық", – делінген видеода.
Полиция барлығы заң аясында болғанын айтты.
"Автокөлікті марқұмның денесі табылған жерден алыс емес мекеннен 30 жастағы азаматтың туыстары анықтады. Полиция қызметкерлері хабарламаны алғаннан кейін бірден оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары белгіленген тәртіппен тиісті тергеу амалдарын жүргізді. Оның ішінде көлікті мұқият тексеріліп, автокөлік жақын туыстарына берілді", – деп хабарлады полиция департаменті.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді, тергеу барысы туралы ақпарат жаңа дерек пайда болған кезде хабарлауға уәде берді.
"Тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз, жалған ақпарат тарату жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін", – деп қосты полиция.
Еске салсақ, осыған дейін Талғардың шетінен Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылғаны туралы жазған едік. Полицейлердің мәліметінше, 30 жастағы ер адам асылып, өз-өзіне қол жұмсаған. Кейін Шерзат Полаттың әкесі інісі көз жұмған жерді көрсетті.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті