Петропавлдағы емханада ер адам дәрігерге шабуыл жасаған
Петропавлдағы ауруханада 51 жастағы науқас дәрігерді соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 17 тамыз күні таңертең Петропавлдағы емханалардың бірінің дәлізінде болған.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қабылдауға келіп, дәрігермен сөзге келіп қалған. Дәрігер ескерту жасағаннан кейін науқас агрессивті әрекет танытып, оның бетіне соққы жасаған.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде медициналық қызметкерге қарсы күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл өңірде медицина қызметкеріне қарсы күш қолданудың тіркелген екінші жағдайы", – деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметов.
Департамент өкілінің айтуынша, маусым айында Шал ақын ауданында мас күйдегі ер адам жол-көлік оқиғасынан кейін оған көмек көрсеткен медбикеге соққы жасаған. Сот шешімен ер адам 1,5 жылға бас бостандығынан айырған.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында медицина қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен ер адам іздестіріліп жатқаны туралы жазған едік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды