Петропавлдағы мектепте балаларға діни жиналыстар жасалған
Петропавл мектебінде балаларға діни жиындар өткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

СҚО-да ПД қызметкерлері Петропавл қаласының аумағында қалалық мектептердің бірінің оқытушысының миссионерлік қызметті жүзеге асырғанын анықтады.
28 жастағы ер адам бейнекамералары жоқ жерлерде оқушыларға жиналыс өткізді деп күдікке ілінді. Діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған блокнот тәркіленген.
"Осы факті бойынша ӘҚБтК – нің 490-бабының 3-бөлігі “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу” бойынша 50 АЕК (Т172 500) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды", – делінген ақпаратта.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"