Перзентханаларда нәрестелерге COVID-19 індетіне қарсы екпе салынады: Ақпаратты министрлік түсіндірді
Әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19-ға қарсы екпесіз перзентханадан шығарудан бас тартылғаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл ақпаратты ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, мұндай ақпарат жалған.
"Бүкіл әлемде сияқты біздің елде де жаңа туған нәрестелерге COVID-19-ға қарсы екпе жоқ. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы балалар 12 жастан бастап егіледі. Бекітілген вакцина – Pfizer/BioNTech. Оны ДДҰ мақұлдаған. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдер ата-анасының немесе қамқоршысының ерікті келісімімен ғана екпе алады", – деді ол.
Сондай-ақ Ержан Байтанаев қазақстандықтарды қасақана жалған ақпарат таратпауға шақырып, елімізде мұндай әрекеттердің жазаланатынын еске салды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды