Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қаруы бар полицей екі дүкенге шабуыл жасаған

Павлодарда тапаншамен қаруланған ер адам бір дүкенді тонап, супермаркет кассасын иемденуге тырысты. 22 жастағы күдікті Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шықты. Ер адам қамауда отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5 наурызда Instagram-да медициналық маскадағы ер адамның қызды тапаншамен қорқытып, кассадан ақша алып беруін талап еткен видео пайда болды. Сатушы қоқан-лоққыдан қорықпай, шабуылдаушыға қарсылық көрсеткен.

Кейінірек полиция шабуылдаушының қамауға алынғаны туралы хабарлады және сол күні ол тағы бір дүкенді тонап кеткенін айтты. Бұл жолы сатушыны қорқытып, ер адам кассадан 120 мың теңге ұрлап, кейін ұсталған.

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті полицей болып шықты.

"Жасалған қылмысы үшін Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің кіші сержанты ұсталды. Ішкі істер органдарында ол бар болғаны бір жыл жұмыс істеді. Іс бойынша тергеу жалғасуда",-деп хабарлады көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі.

Күдікті дүкен сатушыларын қандай тапаншамен қорқытқаны әлі белгісіз.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі іс бойынша сараптама әлі аяқталмағанын мәлімдеді.

Өз кезегінде қарақшыға тойтарыс берген сатушы қыз журналистерге қарудың жауынгерлік тапанша болғанын айтты. Бұл туралы оған айғақ алынған кезде полиция хабарлаған.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 192-бабы "Қарақшылық" бойынша жүргізілуде. Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Талқылау