Павлодарда Ресей президентінен Қазақстан аумағына әскер кіргізуді сұраған әйел ұсталды (видео)
Павлодарда арандатушылық сипаттағы видео жариялап, Ресей президентінен Қазақстан аумағына әскер кіргізуді сұраған әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде павлодарлық әйелдің қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты пікір айтқан видеосы тараған еді.
Ұлттық қауіпсіздің комитетінің мәліметінше, күдікті 28 қазанда прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ комитет күдіктінің бұған дейін есірткі заттарын сату дерегі бойынша сотталғанын мәлімдеді.
ҰҚК қылмыстық-процестік кодекске сәйкес іске қатысты өзге ақпаратты жария етілмейтінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар желіде Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді тексеруді талап еткен еді.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"