Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда оқушы қызды аяусыз тепкен ер адамға қатысты тергеу басталды

Павлодар облысында қызды ұрған ер адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров қылмыс фактісі тіркелгенін айтты.

"Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінде ер адам мен 13 жасар қыз арасында ауызша жанжал болғаны анықталды. Жанжал барысында ер адам кәмелетке толмаған адамға дене жарақатын салған. Ер адамның үстінен кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінен арыз келіп түсті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Polisia.kz-ке Жасқайрат Қайыров.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Павлодарда ер адам адамдардың көз алдында жасөспірім қызды аяусыз ұрғаны түсірілген видео пайда болды.

Талқылау