Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш баласы анасыз қалды: Павлодарда жаңа босанған гинеколог әйел көз жұмды

Павлодарда сәбиін босанған ана көз жұмды. Қағылы оқиға бала туғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, қан кету салдарынан болған. Марқұмның дәрігер болып жұмыс істейтін күйеуі әріптестерінің салғырттық танытып, дұрыс әрекет етпегеніне сенімді.

Жұбайы Сағади Әкімбеков үш баласымен жалғыз қалды. Оның сүйіктісі Еркежан 29 жаста еді. Ер адамның айтуынша, олардың кенже ұлы 8 мамырда дүниеге келген. Бәрі жақсы өтті, әйелі өзі босанған. Бірақ босанған соң қан кете басталған. Тәжірибелі ана бірнеше рет медбикеден қанды тоқтатуды сұраған, бірақ дәрігер асықпапты, деп хабарлайды Stan.kz өңірлік Ирбис TV арнасына сілтеме жасап.

“Бірінші күні аздап қан кетті. Дәрігер тек кешке келді, оны креслода қарады, менде оның барлық дауыстық хабарламалары бар. Тексергенін, жатырдың жиырылып жатқанын, аздап қан кеткенін айтады, бұл қалыпты жағдай деп сендірді”, – деп еске алады Сағади Әкімбеков.



Дәрігерлердің "қалыпты" дегені тағы бір күнге созылды. Сағади дәрігер болып жұмыс істейді, ал әйелі алғашқы білімі бойынша акушер-гинеколог болған. Мәселені біле отырып, ер адам жағдайды ушықтырмай, оны құтқару мүмкіндігі болғанын алға тартты. Денсаулық сақтау басқармасында әріптестерінің өлімі қарастырылған. кінәлілер жазаланғанымен, ешкім жұмыстан қуылған жоқ.

“№1 қалалық аурухананың директоры, оның орынбасарлары және осы науқасқа көмек көрсетуге атсалысқан қалған қызметкерлер сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Перзентхана меңгерушісі қызметінен босатылып, төтенше жағдайлар қызметіне штаттық кезекші болып ауыстырылды”, – дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Бұратаева.

“Әрине, олар кінәлі, менің ойымша, бір жерде біз кінәлі шығармыз. Менің жұмысымды тастап, келуге тура келді, бірнеше күн онымен бірге болдым, дәрігерлерге сенбеймін. Әріптестеріме ешқашан сенбеймін, өйткені өзім осы салада жұмыс істеймін”, – деп өкінішпен түйіндеді сөзін Сағади Әкімбеков.

Сағадидің айтуынша, ол полицияға арыз жазған, бірақ әлі жауап алмаған. Денсаулық сақтау басқармасы қазір зерттеудің нәтижесін күтіп отырғанын атап өтті.

6 маусымда перзентханадағы әйелдің өлімі министрлік деңгейінде қаралады. Барлық материалдар кейіннен медициналық және фармацевтикалық қызмет бойынша сапаны бақылау комитетіне беріледі.

Полиция департаменті бұл факті бойынша тергеуді фармацевтикалық бақылау қызметкерлері жүргізгенін айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл – Павлодар облысында жыл басынан бері ана өлімінің үшінші оқиғасы. Көрсеткіштер бойынша республикалық антирейтингте екінші орында.

 

Талқылау