Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда белгісіз біреулер теракт болатыны туралы хабар таратқан: Полиция халыққа ескерту жасады

Әлеуметтік желілерде Павлодар мектептерінде белгісіз қылмыс дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұл хабар тұрғындарды шошытып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хакер Пиксабай

Pixabay.com

Белгісіз біреулер Павлодардағы бірнеше лицей, мектептер мен сауда орталықтарында адамдарды жаппай өлетіні туралы хабарлаған. Қорқынышты жазбалардың бірін 4 ақпанда құрылған жергілікті Telegram арнасы жариялаған. Автор балалардың жаппай атылуы туралы қоқан-лоқы бар бірнеше пост жариялап, оның ішінде қарудың суретін де қоса салған.

“Ертең Павлодар мектептерінде лаңкестік әрекеттер орын алады”, – деп анонимді жазба қалдырған автор "тазарту миссиясы" 5 ақпанда болатынын айтқан.

Қорқынышты хаттың скриншоттары Instagram желісінде де тарады. Пікірлерде көптеген қолданушылар ақпаратты фейк деп атаса, кейбір павлодарлықтар балаларын мектепке жіберуге қорқатындарын жасырмаған.

Павлодар облысының полиция департаменті халық арасында үрей тудырған ақпараттарды тексере бастағанын жеткізді.



“Осы факті бойынша Полиция департаменті тексеру жүргізуде. Құзыретті органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Кінәлі адамдар елдің заңнамасына сәйкес анықталып, жауапқа тартылатын болады”, – деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Ол сондай-ақ полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау және оларға жақын полиция жасақтарын ұлғайту арқылы ерекше назар аударатынын түсіндірді.

“Осы жылдың басынан бастап осындай жалған хабарламалар елдің бірқатар қалаларында таралды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз”, – деп қосты полиция өкілі.

Бұған дейін Астанада мектеп оқушысы терроризм актісі туралы қағаз таратқаны хабарланған. Елордалық мектептердің бірінде лаңкестік әрекет туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылған.

Сондай-ақ Атырауда мектептерге шабуыл жасау туралы хабарламалар таралған еді. Полиция ол кезде бұл халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған деп мәлімдеген.

Талқылау