Павлодарда балықшы граната тауып алды: Полиция сол маңды қоршап, адамдарды эвакуациялады
Павлодарда Усолка өзенінде балықшы граната тауып алды, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

14 сәуірде полицияға Усолка өзенінен гранатаға ұқсас зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, адамдарды эвакуациялады.
Жарылғыш зат қызметкерлері кинологиялық қызмет қызметкерлерімен бірге тексергеннен кейін граната арнайы капсулаға салынды.
«Қазір ол ешқандай қауіп төндірмейді. Сараптамалар тағайындалды. Тексеру жүріп жатыр», - дейді полиция.
Полиция анықтағандай, азамат бұл шулы затты балық аулау кезінде тауып алған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"