Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

27 мамыр күні Павлодар облысындағы Железинка ауылының маңында "ЭЛИСА" ұйымы пайдаланатын Ан-2 әуе кемесі құлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі электр желілеріне соғылған.
Бортта екі адам болған, олардың бірі апат салдарынан қаза тапқан. Екінші ұшқышты ТЖД қызметкерлері шығарып алған, зардап шегуші есін біледі.
“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, авиациялық оқиға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментімен тексеріледі. Оқиға орнына департамент қызметкерлері жіберілді”, – деп хабарлады Көлік министрлігі.
Аман қалған ұшқыш Апаттар медицинасы орталығының әуе бортымен Железинка аудандық ауруханасынан Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 1998 жылы туған науқас политравма бөліміне жатқызылады. Тексеруден кейін дәрігерлер оның жағдайы туралы қосымша ақпарат береді.
ОқыңызБұған дейін Ақтөбе облысында белгісіз дрон құлап, өрт шыққан еді. Аппарат құлағаннан кейін шамамен 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанып, өрт шыққан. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері толықтай сөндірді.
Ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері Қарғалы ауданында, Әлімбет ауылының маңынан табылды. Қазір Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті