Ақтөбе облысында белгісіз дрон құлап, өрт шықты (видео)

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппараты құлап, салдарынан 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аппарат құлағаннан кейін шамамен 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанып, өрт шыққан. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері толықтай сөндірді.
Ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері Қарғалы ауданында, Әлімбет ауылының маңынан табылды. Қазір Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Әлімбет ауылы Ресей шекарасына жақын орналасқан, Орск қаласына іргелес жатыр.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан өңірлерінде ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты ұқсас жағдайлар тіркелген еді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы аумағында да белгісіз дронға ұқсас нысан табылып, полиция тексеру бастаған еді. Құзырлы органдар ол жағдай бойынша да нақты қорытындыны бірден жарияламаған. Сондай-ақ кейбір жағдайларда мұндай нысандардың әскери жаттығуларға, техникалық ақауға немесе шекара маңындағы бақылау жүйелеріне қатысы болуы мүмкін екені айтылып келген.