Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Павлодар облысында қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын төккен кәсіпорынға 106 млн теңге айыппұл салынды

Павлодар облысының прокуратурасы "KSP Steel" ЖШС-нің тиісті рұқсаты жоқ заңды тұлғаға 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын беру фактілерін анықталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: td-kspsteel.ru

Прокуратураның дерегінше, аталған факті экологиялық заңнаманың талаптарына қайшы келеді. 

"KSP Steel" ЖШС әлдебір заңды тұлғаға тиісті рұқсат құжаттары жоқтығына қарамастан 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын берген. Аталған фактіні прокурорлар анықтады. Кәсіпорын басшылығының жасаған әрекеті экологиялық талаптарға қарама-қайшы", – делінген прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар құзырлы орган қадағалау актісі бойынша салық органдары да өз тараптарынан іске кірісті. Нәтижесінде "KSP Steel" ЖШС-нен қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 106 миллион теңге мөлшерінде төлем өндірілді.



Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысындағы тұтас бір ауыл қоқыс полигонының зардабын тартып отырғанын жаздық. Ақжар елді мекенінің дәл іргесінде тұрмыстық қалдықтарды тастайтын аумағы 5 гектар жер бар. Тау болып үйілген қоқыстың арасына мал өлекселері де тасталады. Соның кесірінен ауаға жағымсыз иіс тарайды. Мәселе 5 жылдан астам уақыт әлі шешімін таппай келеді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 21 Шілде, 2024 12:15
Талқылау