Павлодар облысында балықшы суға батып кетті
Павлодар облысының тұрғыны балық ауламақ болып, қайтыс болды. Ол жұқа мұздың үстімен кетіп бара жатып, суға батып кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айдана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның жанында болған тағы бір балықшы құрал-жабдықтарын түгендеу үшін теріс айналған. Қайта қарағанында, жолдасы мұздың астына кете барыпты. Куәгер жедел түрде 112 нөміріне хабарласқанын айтады.
ТЖ департаментінің хабарлауынша, екі құтқарушы оқиға орнына жеткенде марқұмның денесін тапқан.
Екібастұз қаласының ТЖ басқармасындағылар каналдағы мұздың біркелкі еместігін айтты. Сорғы станциясы бұл жерден су тартып тұрады да, мұз қалыңдап үлгермейді.
Басқармадағылар арнайы белгіленген орындарда ғана балық аулаға болатынын еске салды. Мұзға құтқару құралдары мен жүзуге арналған жилеттерсіз шығуға болмайды.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек