Пашинян ЕАЭО елдерінің Арменияда референдум өткізу туралы талабына жауап берді
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның бір мезгілде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) және Еуропалық одаққа мүше бола алмайтынын мойындады. Сондықтан ол елде ерте ме, кеш пе осы мәселені шешетін референдум өтетінін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пашинянның айтуынша, Армения Еуропалық одаққа мүшелік туралы референдум өткізу мәселесін кандидат мәртебесін алғаннан кейін ғана көтере алады.
"Армения ЕО-ға мүшелік мәселесі бойынша ресми түрде өтініш білдірмейінше немесе кандидат мәртебесін алуға жақындамайынша, референдум өткізу қисынсыз. Себебі халыққа таңдау ұсыну үшін негіз жоқ, тепе-теңдік қалыптаспаған, яғни қай бағытпен жүру керек екенін ұсынатындай жағдай жасалмаған", – деді Пашинян.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан президенттері Армениядан референдум өткізіп, Еуропалық одақ пен Еуразиялық одақтың арасында таңдау жасауды талап еткен еді. Одақ елдерінің көшбасшылары Армения билігінің Еуропалық одақпен жақындасу бағыты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдердің экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін атап өтті.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”