Парламенттің қос палатасын қаржыландыруға 6,5 млрд теңге бөлінді - Қаржы министрі (видео)
Биыл парламенттің қос палатасын қаржыландыруға 6,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы сенат отырысында премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Мәжіліс пен сенаттың депутаттарына бөлінген қаражат ашық ақпарат. Біздің Республикалық бюджеттің баптарда көрсетілген, ашық жариялауға жатады. Парламенттің екі палатасын қаржыландыруға 6,5 млрд теңге бөлінген”, - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенат кулуарында журалистердің сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің сөзінше, депутаттарға бөлінген қаражат барлық өтемақыны қамтиды.
“Бұл жерде жалақылары бар. Іс-сапарға баратын қаражаттары бар. Ұшақпен жүретін және тәуліктік қаражаттары бар”, - деп толықтырды Қаржы министрі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады