Париж сән апталығында 99% ауадан жасалған сөмке көрсетілді
Париждік Coperni сән бренді NASA-мен бірлесіп Air Swipe сөмкесін шығарды. Бұл аксессуар 99% ауадан және 1% шыныдан жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vogue басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Vogue
Vogue басылымының хабарлауынша, ультра заманауи мөлдір әмиянның салмағы небәрі 33 грамм. Көлемі стандартты шаммен бірдей дейді.
Бренд инновациялық аксессуарды Кипр Америка университетінің суретшісі және кремний аэрогельдерін зерттеуші Иоаннис Михалудиспен бірге әзірледі. Дизайнерлер оны жасау үшін 15 прототип қажет екенін айтты.
Бұлт тәрізді дорба наноматериалды кремнеземнен жасалған ең үлкен нысан, аэрогель, ол Жер планетасындағы ең жеңіл қатты зат. NASA оны жұлдызды шаңды ұстау үшін пайдаланады.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі қымбат брендтің киімдері мен сөмкесін қандай ақшаға алғанын айтқаны туралы жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"