Париж-2024: Садақшыларымыздың қарсыластары белгілі болды
Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын садақ атушыларымыздың қарсыластары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Париж олимпиадасында садақ атудан өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды. Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысып, ұпай жинағаннан соң Қазақстан командасы жалпы есепте 10-орында тұр. 1/32 айналымда Ильфат Абдуллин канадалық Эрик Петерске қарсы күш сынасса, Александр Еременко жергілікті спортшы Аддис Баптистамен өзара мықтыны анықтайды. Ал Дәулеткелді Жаңбырбай колумбиялық Хорхе Энрикске қарсы өнер көрсетеді.
Айта кетейік, іріктеу айналымында Қазақстан сапынан ең көп ұпайды Дәулеткелді Жаңбырбай жинады. Ол 668 ұпаймен 22-орыннан көрінсе, Ильфат Абдуллин 29-орын, Александр Еременко 59-орынға жайғасты.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"

