Париж-2024: Елдос Сметов олимпиаданың алтын жүлдесіне таласады
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Париж олимпиадасының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдесіне таласады. 60 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы айналымда нидерландық Торнике Чакадуадан басым түссе, екінші кезеңде украин Дильшот Халматовпен белдесті. Сметов Халматовты “вазарри” әдісімен жеңіп, ширек финалға шықты. Ал ширек финалда Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, тайпейлік Янг Вэйден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда испаниялық Франсиско Гарригоспен белдесіп, жарқын жеңіске жетті. Осылайша, Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдесіне таласу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан Париж олимпиадасынан алғашқы медалін жеңіп алғанын жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

