Өзінен 8 жас кіші жігітке күйеуге шыққан Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді
Фото: https://www.instagram.com/janellemakajan/
Танымал актриса әрі блогер Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты жұлдызды жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.
“Жарық дүниеге нұр болып келуіңмен, Асылхан Латиффа Абайқызы. Өмірің бақытқа, жүрегің мейірімге толы болсын, балапаным”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ізгі тілектерін жазып жатыр.
“Бауы берік болсын”, “Керемет есім”, “Тіл-көзден сақтасын”, “Ғұмырлы болсын! Басында беселі бағы болсын” – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Абай Асылхан өзінен 8 жас үлкен екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтып бергені хабарланған еді.
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды
Ақмолада 13 жастағы бала көкпар ойнап жүріп, қаза тапты: Туыстары оны атпен қағып өткен адамның жазасыз қалғанына наразы
Марқұм Дінмұхаммед “Жанбөбек” командасының құрамында ойнаған