Өзбекстаннан ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби жазған кітап табылды
Өзбекстандағы Наманган облысынан ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің өз қолымен жазған кітабы табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Наманган облысының әкімдігі
Наманган облысының әкімдігі қазба жұмыстары кезінде сирек кітаптардан бөлек XI және XIV ғасырларға тән қылыш пен бактриялық, қытайлық монеталар табылғанын мәлімдеді.
Осымен Ахсикент археологиялық саябағының аумағындағы "Жаңа Ахси" кешеніндегі баға жетпес жәдігерлер саны онға дейін жеткен.

Фото: Наманган облысының әкімдігі
“Сирек кездесетін үш кітапта ғылым, философия және тарих туралы жазылған. Олардың бірі Әбу Насыр әл-Фарабиге тиесілі”, – делінген хабарламада.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады