Өзбекстандық полицейлер қазақстандық туристерге электрошокер қолданды: ҚР сыртқы істер министрлігі нота жолдады
Өзбекстанда жергілікті полицейлердің қазақстандық туристерді электрошокер арқылы бопсалауына байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі нота жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

"Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жағдайды реттеу үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Әлеуметтік желіде Өзбекстанның құқық қорғау қызметкерлерінің біздің азаматтарға дыбыстық электр тогын қолданып жатқаны туралы видео тарағанын атап өту керек. Өзбекстан қоғамының өзі бұл жағдайды айыптап отыр. Біз бәрін бақылауда ұстаймыз", - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салсақ мамырдың 20-нан 21-не қараған түні Самарқандта тәртіп сақшылары Қазақстаннан келген туристерді ұстап, электрошокер қаруын қолданған. Өзбекстанның ішкі істер министрлігі бұл факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, айыпты қызметкерлердің жұмыстан шеттетілгенін хабарлады.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді