Өзбекстанда ата-аналарға балаларды ұрып тәрбиелеуге тыйым салатын заң жобасы қабылданды
Көршілес елдің депутаттары аталмыш заңды бірінші оқылымда-ақ мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизен желтоқсан айында Қазақстанда дәл осындай заңды қабылдауды ұсынған еді.
Артур ван Дизеннің айтуынша, бұл заңды әлемнің 65 елі бекіткен. Ал жақын арада аталған заңды тағы 27 мемлекет қабылдамақ.
Өткен аптада мәжіліс депутаттары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Бұдан былай ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру, қорлау, қудалау үшін жаза қатаңдауы мүмкін.
Бұған дейін Қазақстанда ұрып-соғушылар 50 тәулікке дейін қамауға алынатыны туралы жазған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен