Өзбекстан президенті Орталық Азия азаматтары үшін ортақ ID-картаны ұсынды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Орталық Азия елдерінің жеке куәліктерін өзара тануды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол Астанада Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуінде Орталық Азия елдерінің туризмін дамыту идеясын ұсынды.
"Туризмді кеңейту мақсатында ұлттық ID-карталарды өзара тану және "Бір тур – бүкіл өңір" қағидаты бойынша бұқаралық туристік өнімді дамыту мәселесін зерделеуді ұсынып отырмыз", – деді Мирзиёев.
Ол туризм секторы аймақтық серіктестіктің жаңа драйверіне айналып келе жатқанын атап өтті.
Дәл осындай жүйе Қырғызстан мен Өзбекстан арасында бұрыннан бар. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екі елдің азаматтары екі мемлекеттің аумағына кіру, шығу, жүру және болу үшін жеке куәліктерін пайдалана алады.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды