Өзбекстан хайуанаттар бағында Қазақстаннан алынған керік аяздан өлді
Ферғана хайуанаттар бағының директоры Тұрсынәлі Мамажонов Қазақстаннан алынған керіктің қаңтар айында қатты аяз кезінде ауырып, өлгенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Керік Қазақстаннан 2018 жылы әкелінді. Жануардың лақап аты Максим еді.
"Ол тұрған бөлме кішкентай болғандықтан, оны далаға серуендеуге шығаратынбыз. Соңғы уақытта ол көп жатып қалды. Суық күндері сыртқа шығарғандықтан, суық тиген. Оны жануар өлгеннен кейін білдік. Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту басқармасынан, Табиғи ресурстар министрлігінен және басқа да ұйымдардан мамандар шақырылды. Денені тексергенде ауырғаны анықталды. Керік еті жануарларға таратылды", – деді Тұрсынәлі Мамажонов.
Сол күндері кейбір құстар да мер болды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"