Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"От болып тұрсыз!" Қайрат Нұртас жаңа келбетімен жұртты таңғалдырды

Қайрат Нұртас
Фото: instagram.com/kair_n

Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде жаңа суретін жариялап, шымыр дене бітімімен жанкүйерлерін тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа кадрда өнер иесі балконда ақ ішкөйлек киіп суретке түскен. Қарапайым образ оның жинақы әрі спорттық дене бітімін айқын көрсетіп тұр. Әнші образын көп жылдан бері сахналық стилінің бір бөлігіне айналған қара түсті күннен қорғайтын көзілдірікпен толықтырған.

Қайрат Нұртас суретке қысқа ғана жазба қалдырып, оқырмандарына:

Өздерің қай жылғы боласыңдар?” – деп сауал қойған.

Жанкүйерлер әншінің жазбасына жарыса пікір қалдырып, оның жас әрі сергек көрінетінін атап өтті. Көпшілік Қайрат Нұртастың дене бітіміне ерекше назар аударып, жылы лебіздерін білдірген.

“Тұрысының өзі балуандікі сияқты”, “Қайреке, сіз ерекше жансыз, нағыз аңызсыз”, “Голливудтың өзі сізді іздеп келуі керек”, “Мүлде қартаймайсыз”, “Керемет шынығыпсыз”, “Қайреке, өзіңіз от болып тұрсыз!” – деп жазды желі қолданушылары.

Кейбір оқырмандар әншіні “Арман әні” шыққан кезден бері тыңдап келе жатқанын айтып, оның жылдар өтсе де өзгермегенін жеткізген.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас пен украиналық әнші Лобода жаңа әнін ұсынбақ екені хабарланған еді.  Олар тыңдармандарын ерекше дуэт күтіп тұрғанын айтып, жаңа әннің тұсаукесері 24 мамырда Алматыда өтетінін жеткізген.

Кадрларда Қайрат Нұртас пен Светлана Лобода батыл образда көрінді. Екеуі де total black стиліндегі киім мен қара көзілдірік таңдаған. Орындаушылардың жаңа әні қазақ тілінде жазылған.

“Бізді тым керемет дүние күтіп тұрған сияқты. Кешіріңіздер, біз басқаша істей алмаймыз. 24 мамырда тректің тұсаукесері Қайрат Нұртастың Алматы Аренадағы жеке концертінде өтеді”, – делінген жазбада.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 09 Маусым, 2026 17:26