"Біз әрдайым жаныңдамыз": Қайрат Нұртас қызы Алаудың соңғы қоңырауында ән айтты
Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың ортаншы қызы Алау мектеп бітірді. Жұлдызды ата-ана салтанатты жиынға қатысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мектеп бітіру кешінде түсірілген видеоны Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында жариялады.
“Алау Қайратқызы – мектеп бітіруші түлек. Жолың ашық, арманың асқақ, ойың ұшқыр болсын! Сенің үлкен армандарың бар екенін білемін. Талпынсаң, сол армандарыңа жететініңе сенемін. Біз әрдайым жаныңдамыз”, – деп жазды актриса.
Салтанатты шараға Алаудың анасы ғана емес, әкесі де келген. Қайрат Нұртас түлектер мен ұстаздардың алдында ән шырқады.

Ал желі қолданушылары жылы пікірлерін жазды.
“Менің әкем келгендей қуанып қалдым”, “Өзің қалаған жоғары оқу орнына түсуіңе тілектеспін”, “Ұлдары да, қыздары да әдемі, көз қуантады. Анасы әдеттегідей керемет. Әкесі де сымбатты, қызы тіпті сұлу”, – деп жазды оқырмандар.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"