"Бізді керемет дүние күтіп тұр": Қайрат Нұртас пен украиналық әнші Лобода жаңа әнін ұсынбақ

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас пен украиналық орындаушы Светлана Лободаның қазақ тіліндегі дуэті қашан жарық көретіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері бұл жаңалықты Instagram парақшаларында жариялады. Олар тыңдармандарын ерекше дуэт күтіп тұрғанын айтып, жаңа әннің тұсаукесері 24 мамырда Алматыда өтетінін жеткізді.
Кадрларда Қайрат Нұртас пен Светлана Лобода батыл образда көрінді. Екеуі де total black стиліндегі киім мен қара көзілдірік таңдаған. Орындаушылардың жаңа әні қазақ тілінде жазылған.
“Бізді тым керемет дүние күтіп тұрған сияқты. Кешіріңіздер, біз басқаша істей алмаймыз. 24 мамырда тректің тұсаукесері Қайрат Нұртастың Алматы Аренадағы жеке концертінде өтеді”, – делінген жазбада.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу қабылдады. Видео аз уақыт ішінде 82 мыңнан астам лайк жинаған. Алғашқылардың бірі болып Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова мен жары Жұлдыз Әбдікәрімова пікір білдіріп, от белгісіндегі смайликтер қалдырды.
Тыңдармандар да дуэтке жылы лебіздерін жаудырды. Олар қос әншінің дауысы үйлесімді шыққанын айтып, қазақ тіліндегі әннің алғашқы секундтардан-ақ әсерлі естілетінін жазған.
“Дауыстарыңыз керемет! Қайрат – біздің аңыз. Өте әдемі әрі қуатты дуэт шыққан”, “Қазақ тілі қандай әдемі естіледі. Ән алғашқы сәттен-ақ баурап алды”, “Керемет естіледі, асыға күтемін”, – деп жазды жанкүйерлер.
Ақтауда артық майдан арылғысы келіп ота жасатқан депутат мерт болды: Жекеменшік клиника талаптарға сай емес екені анықталды
Оқыңыз