Өскеменде әлдекімдер зиратты тонап кеткен
Өскемендегі православие зиратында белгісіз біреулер қоршаулар мен темір бағаналарды бұзып, бейіттердің шынжырларын алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өскемендік блогер Антон Князев вандализм фактісі туралы айтты. Ол бұзылған зираттарды түсіріп алған.
"Қазір мен зираттың жанынан өтіп бара жатырмын. Зиратты талқандап кеткен. Шынжырлары ауыр болса да, талқандап тастаған. Бұл жолдың бойындағы жағдай", - дейді Антон Князев.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қылмыскерлер әлі табылмаған.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыскерлерді анықтау мақсатында әрі қарай жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 1000 АЕК-ке дейінг айыппұлдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"