Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан көз жұмды
Танымал «Орда» тобының солистері Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан көз жұмды. Қаралы хабарды журналист Ришат Асқарбекұлы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Орда" тобындағы Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхан деген үш жігіттің әке- шешесі бір күнде көлік апатынан қайтыс болыпты. Өздері де қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен. Иманды болсын", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Әншілердің анасы жағынан туысы Жұбатгүл Самбууқызы да бұл қаралы хабарды растап, көңіл айтты.
"Жәмилә апайымыз бен Беделхан жездеміздің мезгілсіз (жол апатынан) дүниеден өтуіне байланысты Қазақстанда тұратын Әбілхан әулетіндегі барлық аға, әпкелерім, Есей аға, Темірбек аға, Гүлнәр әпкем, Назгүл әпкелеріме барша ағайын-туыс, балаларына қайғырып көңіл айтамын" , - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, әнші Жанар Хамитованың өзіне қол жұмсап көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған