Оразада тіс пастасымен тіс жууға бола ма?
Дін маманы Алау Әділбаев ораза кезінде тіс пастасымен тіс тазалау оразаны бұзбайтынын айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ораза кезінде тіс пастасымен тіс тазалау оразаны бұзбайды. Алайда ауыз бекіткен адам тіс тазалап жатқан кезде тіс пастасын немесе суды жұтып қойса, оразасы бұзылады. Сондықтан бұл орайда абай болған жөн.
Ұстаған оразаны бұзып алмас үшін, тісті ауыз бекітер алдында және ауыз ашқаннан кейін тазалаған абзал. Тіс пастасымен ауыз қуысын тазалау оразаны бұзу қаупін төндіретіндіктен, ораза кезінде тіс пастасымен тіс тазалау мәкрүх саналады.
Оқи отырыңыз:
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады