Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда сәбиін құрылыс алаңына тастап кеткен әйел ата-ана құқығын қайта алмақ

БҚО-да 2017 жылы желтоқсан айында жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ата-ана құқығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Мой город.

Анасы жаңа туған сәбиімен «Мейірім» балалар үйіне барып кездесіп жүр.

Ювеналды сот төрайымы Сұлуханым Қадралиеваның айтуынша, анасы 6 айдан соң ата-ана құқығын қайта иеленеуі мүмкін.

Балалар үйіндегілер жас ананың баласына жиі келетінін айтады.  Ол қазір жұмыс тауып, тиісті жұмыс уақытын өтеп жатыр.

Жас қызды ата-ана құқығынан айыру ісі қаралғанымен, баланың әкесіне қатысты іс қозғалған жоқ.

Нәрестені биыл жазда Орал қаласындағы құрылыс алаңдарының бірінен күзетші тауып алған. Ешқандай зақым алмаған бала барлық екпесін қабылдаған.

Кейін анықталғандай, ұлының әкесімен ұрсысып қалған Зарина алғашында оны жетімдер үйіне өткізбек болды. Жетімдер үйін таба алмағандықтан осындай әрекетке барған.

Нәрестенің аты Әлижан. Қазір балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

Алғашқыда келіншек “баланы қауіпті жағдайда қалдырды” деп айыпталып қоғамдық жұмысқа жегілген еді. Одан соң баланы өзіне қайтарып алуға тырысқан болатын. Бірақ сот оның өтінішін орындамай, аналық құқығынан айырды.

Тағы да оқыңыз:

Батыс Қазақстанда шаруа қожалығының иесі малшыны атып өлтірген

Жеңгетай “Мама Роза” мен жезөкшелере қорған болған полковник кім? (фото)

Сотталған жігіттің әйелі: Күйеуіме массың деп тиіскен полицейдің бірі көлік капотына мініп, терезені сындырды

Талқылау