Оралда Олимпиадалық резерв мектебінің директоры ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін тұтқындалды
Оралда олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры ішімдік ішіп, рөлге отырғаны үшін тұтқынға алынды. Қанат Жанғалиев жеті жылға көлік рөліне отыру құқығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 17 наурыз күні шамамен сағат 5:00-те Қанат Жанғалиев орташа мас күйінде қызметтік көлігінің рөліне отырған. Оның ішімдік ішкенін медициналық сараптама дәлелдеді. Жанғалиевтің өзі де кінәсін мойындады.
Сот Қанат Жанғалиевті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608 бабы (" Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы") бойынша кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік рөліне отыру құқығынан айырылды.
Ал спорт мектебінің қабылдау бөлімі Жанғалиевтің 17 сәуірге дейін ақысыз демалыста екенін хабарлады.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты