Қазақстандық әйел экс-сүйіктісінің интим фотосын желіге жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалаған
Оралда 31 жастағы тұрғын ер адамнан ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Оны Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдің бұрынғы сүйіктісімен қарым-қатынасы әлдеқашан біткен. Алайда ол ер адамды өзінде сақталған интимдік фотоларды желіге жариялаймын деп қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен.
Полиция мәліметінше, әйел “ню” стиліндегі фотоларды 500 мың теңгеге бағалаған. Десе де күдікті ұсталды.
“Тінту барысында күдіктіден ақша мен заңға қайшы әрекеттің дәлелдері сақталған ұялы телефон тәркіленді. Аталған факті бойынша тергеу жүріп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Желіде Қызылорда облысында колледж кабинетінде түсірілген интим видео тарағаны туралы жазған едік.
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды
