AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда қаза тапқан шымкенттік тұрғынның денесін туыстары елге қайтара алмай жүр

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған 39 жастағы қазақстандықтың әйелі күйеуінің денесін Шымкентке қайтаруға көмектесуін өтініп, "Корея Көмек" қайырымдылық қорына жүгінді. Жағдайды отбасында қажетті соманың жоқтығы ғана емес, ер адамның шетелде заңсыз жұмыс істегені де қиындатып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап.

корея погиб

Шымкент қаласының тұрғыны Батыр Оспанов бір апта бұрын Оңтүстік Кореяда анасының өлімі туралы хабарды көтере алмай, жан тәсілім еткен.

"Біз онымен хабарласып тұрдық, мен анасының денсаулығы туралы үнемі айтып отырдым. Ол қатты уайымдады. Оған анасының қазасы туралы айтқан кезде жүрегі шыдамаған болу керек. Ол бұған сене алмады", - дейді марқұмның зайыбы Замира Оспанова.

Қайтыс болғаны белгілі бола салысымен туыстары мәйітті отанына жеткізуге тырысқан, алайда қызмет құнына алынатын үш жарым миллион теңге отбасына ауырлық туғызған. Оның үстіне ер адамның шет елде заңсыз жұмыс істегені де бар. Сондықтан олар "Корея Көмек" қайырымдылық қорына жүгінген.



"Бұл әрине үлкен мәселе. Мысалы үшін, көп азаматтарымыз Кореядағы ай сайынғы миллион табысқа қызығып, кетіп жатады. Бірақ ол ешбір сақтандырусыз қаласың. Ресми мәлімет бойынша, олар елшілікте де, сыртқы істер министрлігінде де тіркелмеген. Олар жәй ғана билет алып, ұшып кетеді. Сондықтан, құзырлы орындарға айтарымыз, екі ел арасында жұмыс визасы ашылса, әрбір отандасымыздың жеке басы сақтандырылатын еді. Сол арқылы осындай қайғылы жағдайларда мемлекеттік сақтандыру компаниялары адамдарды қымбат шығыннан құтқарып, мәйітті елге тез арада жеткізеді", - деп түсіндіреді "Корея Көмек" қайырымдылық қорының әкімшісі Самат Ахметов.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы бес жылда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 36 азаматы қайтыс болған. Олардың көпшілігінің мәйіттері марқұмдардың туыстары алып кетуге ақша тапқанша апталап мәйітханада жатты. Қазір Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін 36 мың қазақстандықтың он мыңға жуығына ғана еңбек визасы берілген.

Бұған дейін, Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандық кенеттен көз жұмғаны жазылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр