Оңтүстік Африкада торнада болып, қар жауды
Осы аптада Оңтүстік Африкада және Солтүстік Кейп, Фри Штаты, Шығыс Кейпте ауа райы күрт бұзылып, торнадо, нөсер жауынмен қоса қар жауып жатыр. Жергілікті халық суықтан жаурап, паналайтын жер таппай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі briefly.co.za-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: SABCNews
Елдің КваЗулу-Натал өңірі ең қатты зардап шекті. Ал Оңтүстік Африканың кейбір бөлігіндегі тұрғындарға салқын ауа көңілдеріне жақса, енді бірі тоңып жүр.
Оңтүстік Африканың метеорологиялық қызметі сәрсенбі күні таңертең көбірек қар жауады деп айтқан болжамы болды. Әсіресе Солтүстік Кейп, Шығыс Кейп және Фри штаттың кей аймағында қар жауды.
Еске салайық, 27 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде қар жауғанын жаздық. Желі қолданушылары мұны бес қонаққа балады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады