Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі бөлімінің бастығы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі бөлімінің бастығы ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шенеунік 10 сәуірде пара алу кезінде қолға түскен.

Нурдаулет Толегенулы

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Н. Төлегенұлы Ауғанстанның төрт азаматына Қазақстанның азаматтығын алуға көмек көрсету үшін пара алу кезінде ұсталды», – делінген хабарламада.

Лауазымды шендіні ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел тергеу тобы мен ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері 30 мың жалған доллар мен 3 жарым мың шын доллар алу кезінде ұстапты. Білдей басқарманы екі жыл басқарған полковник әр шетелдікке азаматтық алып беруді шамамен 3 миллион теңгеге бағалаған. Қазір ол уақытша қамау абақтысында отыр.

«Шара барысында ішкі істер департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Төлегенұлын ұстады. Ол 4 Ауғанстан азаматына ҚР азаматтығын алуға көмектескені үшін пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Күдікті Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде»,- дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Тағы оқыңыз: 

Назарбаев университеттерді қатаң сынға алды

Назарбаев орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына ұялады

Назарбаев: Швейцарияда қарапайым такси жүргізушісі төрт тіл біледі

Нұрсұлтан Назарбаев: Мен күн сайын латын әліпбиімен жазамын

Талқылау