Өлтіріп, көлігін ұрлап кеткен: Ақмола облысында аса қатыгездікпен кісі өлтірген ер адам 25 жылға сотталды
Ақмола облысында аса қатыгездікпен кісі өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Кісі өлтіру оқиғасы 2023 жылдың қараша айында болған.
"Бұланды ауданы, Макинск қаласында 2023 жылдың қараша айында айыпталушы Б. ерекше қатыгездікпен жәбірленушіні К.-ны өлтіріп, жараланған К.-ны көлікпен басып, автокөлікті ұрлап, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген. Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Алқабилер алқасының үкімімен Б.-ны аса қатыгездікпен кісі өлтіру, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Б. 25 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.
Сот шешімімен сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын мен 1,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады