Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлтіріп алған сияқты": Алматы облысында асқазанынан қан кетіп, ауруханаға түскен азамат іс-түссіз жоғалып кеткен

Екі жарым ай бұрын ауруханаға түскен Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны Айдос Мұсаев із-түссіз жоғалып кеткен. Жақындары оның табылмай жатқанына дәрігерлердің қатысы бар деп күдіктенеді. Ал аурухана басшылығы науқас түскен күні-ақ ешкімді тыңдамай өз еркімен кетіп қалған деп отыр. Бірақ полицияға хабарладық деген медицин мекеме қызметкерлерінің сөзі расталмай тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп. 

Айдос Мұсаев

Наурыздың екісі күні түскі сағат 14.30-да асқазан-ішек жолынан қан кетіп, ауруханаға жеткізілген Айдос Мұсаевтың жағдайын ертеңінде білуге келген туыстары оның қашып кеткенін естіген. Төбемізге жай түскендей болдық деген жақындары дәрігерлердің полицияға да, бізге де хабар бермегені күдікті деп отыр. Өйткені диагнозы мен ауруханадан шығып кеткен уақытын әр кезде әртүрлі айтады дейді.

“Замына кіріп едік, таңғы сағат 4-те больничный киіммен қашып кетті дейді. Ал бөлім меңгерушісі мен дежурный врач айтады кешкісін қашып кетті, ужиннан кейін қашып кетті ғой деп екі сөйлейді. Сол бауырымды өздері өлтіріп алып, екі сөйлегені сол өлтіріп алған сияқты. Өйткені айта алмай, жүректері бармай отыр. Паспортын міне алып шығып берді, сосын курткасын, шапкасын, петушогын иә бас киімін. Содан, міне, ешқандай хабар жоқ”, – дейді Айдос Мқсаевтың әпкесі Ботагөз Мұсаева.

Арухана басшылығы 41 жастағы ересек адамды күштеп ұстай алмадық, құзырлы орган қызметкерлері өтініш жазса, аурухана есігінен өзі шығып бара жатқан бейнебақылау камерасындағы жазбаны тапсырамыз деп отыр.

“Түскен кездегі диагнозы – алкогольді мастану, асқазан-ішек жолдарынан қан кету. Бірден медицицналық алғашқы көмек көрсетіледі. Хирургиялық бөлімшеге жатқызылады. Бірақ науқас кешкі сағат 5-тің шамасында больницаның емінен бас тартып, өз еркімен үйге қайтып кетеді. Өзі хирургия бөлімінен распискаға қол қоймай кетті. 102-ге хабар бердік, айтып жатырмын ғой. 102 бәрі, история болезни да бәрі зафиксирован”, – дейді Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Әжібеков.

Науқас дәрігерлердің айтқанына көнбеген соң, полицияға хабар бердік деген аурухана басшылығының сөзін аудандық полиция бөлімшесінің қылмыстық-іздестіру бөлімінің басшысы растамады. Ал жақындарының түсірген арызы бойынша іздестіру жалғасып жатыр деді.

Талқылау