Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада Қытай намысын қорғап жүрген қазақ қызы өз сұлулығымен көрермендерді тәнті етті

Этникалық қазақ, Қысқы Олимпиада ойындарында Қытай атынан өнер көрсететін Ақнар Ардақ өз сұлулығымен көрермендерді тәнті етті. Ол конькимен жүгіру спорты бойынша сайысқа түседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ZTB.kz Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ақнар Ардақ

Ақнар 1999 жылы 1 маусымда Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданында дүниеге келген. Әкесі дүниеден өткен, ал анасы мұғалім болып жұмыс істейді. 

Ақнар бала күнінен коньки мен мұзға қызыққан екен. Бастапқыда ол тек шорт-тректен ғана сайысқа түскен, ал 2018 жылдан бастап Ақнар конькимен жүгіру бойынша өнер көрсете бастаған. Тіпті ол өз елінде рекорд та жаңартқан. 


Бейжің Олимпиадасында Абайдың әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен латвиялық спортшы қазақстандықтарды тәнті етті (видео)


Сұхбаттарының бірінде этникалық қазақ спортта дамуына және жетістікке жетуіне қытайлық белгілі конькимен жүгіруші және жаттықтырушысы Синь Циньшанмен байланысты екенін айтқан. 

Ақнар Ардақ

2022 жылдың қаңтарында Бейжің Олимпиадасына іріктеу жарыстарында Қытай спортшылары арасында Ақнар 3 000 және 5 000 метрге жүгіру бойынша екі рет бірінші орынды иеленіп, елдің ұлттық құрамасына қабылданған. 

Олимпиадада ол 3 000 метр қашықтыққа жүгіру бойынша сайысқа түсіп, 17-орынды иеленген. Енді спортшы 1 500 және 5 000 метрге жүгіру бойынша бақ сынайды. 

Талқылау