Бейжің Олимпиадасында Абайдың әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен латвиялық спортшы қазақстандықтарды тәнті етті (видео)
Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев Бейжің Олимпиадасында өзінің қысқа бағдарламасын Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әнінің сүйемелдеуімен орындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақтың белгілі ақынының әнімен мұз айдында өнер көрсеткен Денис Васильев 85,30 ұпай еншілеп, 16-орынға тұрақтады.
Енді ол 10 ақпанда еркін бағдарламада сайысқа түседі.
Денис Васильев мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатында қол медаль жеңген. Бұл – оның мансабындағы ең үлкен жеңісі және Латвия мәнерлеп сырғанау тарихындағы басты жетістіктердің бірі.
Васильев Олимпиада ойындарына екінші рет қатысып отыр. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында ол 19-орынды иеленген.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі