Олимпиада ойындарының 4 дүркін чемпионы Париждегі дүрмекке де қатысады
Грек-рим күресінен олимпиада ойындарында төрт рет чемпион атанған кубалық балуан Михаин Лопес Париждегі додаға да қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Кубаның қара нары" атанған грек-рим күресінің хас шебері Михаин Лопес бесінші рет олимпиада чемпионы атануы мүмкін. Төрт дүркін олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшы ретінде өз есімін тарихқа алтын әріптермен жазған кубалық балуан Париж бозкілемінде де белдеседі. Аса ауыр салмақта сынға түсетін Лопес әлемдік рекордты кезекті рет жаңартуды көздейді. Лопес Токио олимпиадасынан кейін ірі жарыстарда күрескен жоқ. Ал оның ізбасары Оскар Пино былтыр лицензиялық әлем чемпионатында олимпиада жолдамасын иеленген болатын. Алайда ол аңыз спортшы үшін өзінің жолын беруге мәжбүр.
Айта кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында 4 жолдама бар. Ал аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов сынға түседі.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"

