AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар ажырасып кетті": Қазақстанда абысынына ұлын берген әйел оны қайтарып алу үшін сотқа жүгінді

Қызылорда облысында шиеленіскен оқиғадан соң екі отбасы сотқа келді. Биологиялық ата-ана мен баланы асырап алушы ата-ана төрт жасар балаға өз құқықтарын дәлелдемек. Бұл туралы “Евразия бірінші” арнасы хабарлайды.

Баланың туған анасы: Гүлнәз Төребаева

4 жасар баланы қазақ әдет-ғұрпы бойынша жақын туыстарына – баласыз ерлі-зайыптыларға асырап алуға берген. Бірақ қазір ата-ана баланы қайтарғысы келеді.

Гүлназ Төребаева – баланың туған анасы. Оның бес баласы бар.  Мейіржан – үшінші баласы. Ал күйеуінің інісінің баласы болмаған. Дәрігерлер әйелі ауырғандықтан, ешқашан бала көтере алмайды деп кесіп айтқан.

Жас отбасын сақтап қалу үшін ағасы мен жеңгесі оларға баласын береді. Гүлназ уайымдап, қиналғанымен, қазақтың әдет-ғұрпына сай әрекет етеді. Адамгершілікке салды. Жаңадан бала асырап алған ата-ана  бірге көп тұрмай,  ажырасып кеткен. Баланы асырап алған анаға берген, ал ол ұлын ата-анасына қайтарудан бас тартқан.



Баланың анасы да, әжесі де баланы қайтарып алғысы келеді. Алайда кетіп қалған әйел ұлын ешкімге бермейтінін айтқан. 

“Әркімнің өз ойы бар. Күйеуім маған адал болған жоқ. Мен ондай отбасында тұрғым келмейді. Сол үшін кеттім. Ал баланы мен 4 жыл бақтым. Оның анасы болдым. Бауыр бастым. Менің оған құқығым бар. Бәрін заң шешсін. Мен берілмеймін. Баламды ешкімге бермеймін”, – деді асырап алушы әйел.

“Ол маған дейін де некеде болған екен. Бірақ маған ол туралы айтқан жоқ. Оның ажырасу деген арманы болды. Енді баланы алып кетті. Әлі заң жүзінде ажырасқан жоқпыз”, – дейді баланың асырап алған әкесі.

Келесі апта бұл істі сотта қарайды. Екі жақтың да жағдайы қиын болғанымен, сот бір шешім шығарары анық. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр