Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол әдемі еді, оған көп қыздар ғашық болды, мен оның жүрісін көтере алмадым": Динара Сәтжан бірінші күйеуі жайлы

Тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан алғаш рет жеке өмірі турлы ашық сұхбат берді. Журналист алғаш келін болған, жар атанған кезін еске алды. Бірінші күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты. 

Бұл туралы Динара Сәтжан ORDA News арнасына берген сұхбатында айтты. 

Динара Сәтжан 21 жасында тұрмыс құрған. Алайда некесі сәтсіз аяқталып, екі жылдан соң ажырасып кеткен. Бүгінде ол некеден бір ұлы бар. 

“Мен 21 жасымда тұрмыс құрдым. Кентауға келін болдым. Бірақ күйеуім екеуміз Алматыда тұрдық. Әке-шешесімен бірге тұрдық. Есімі Бақытжан. Ол өте керемет адам. Оның әке-шешесі де, әпкелері мен інілері бәрі жақсы адамдар. Әлі күнге дейін желі арқылы сөйлесіп тұрамыз. Бақытжанның қазір екінші отбасы бар. Ол отбасында туған тағы екі ұлы бар. Барлығы төрт баласы бар. Екеуміз жақсы сөйлесеміз. Ұлым әкесімен араласады. Осыдай жақсы қатынасты ұстап қалғаным үшін қуанамын”, – деді Динара. 

Айтуынша, ол өзінен 9 жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда оның кей қылықтарына шыдай алмаған. 



“Ол да жас еді. Әдемі еді. Банкир болды. Өз ісінің маманы еді. Ақшаны жақсы тапты. Оған көп қыздар ғашық болды. Әйелдер жақсы көрді. Ол көзіме шөп салды демей-ақ қояйын, өмірден рахат алды. Бірақ мен оны көтере алмадым. Ол маған соққы болды. Мен жас болдым. Көңіл күйге ерік бердім. Мен оны түсіне алмадым. Егер қазір болса, мен үшін бұл қалыпты жайт болар еді. Бірақ ол кезде маған даналық жетіспеген шығар. Өзімшіл болған шығармын. Даналық жылдар бойы қалыптасатын дүние. Меніңше, келін болып келген адамның өзі күйзеліске түседі. Басқа орта, басқа талап, басқа заң, жүкті болу, бала туу – мұның бәрі күйзеліске алып келеді. Мен нақты біздің ажырасуымызға не себеп болғанын да айта алмаймын”, – деді Динара Сәтжан. 

Тележүргізуші бүгінде басы бос, жалғыз. Көңілін білдіріп жүрген ер азаматтар саны көп болғанымен, тұрмыс құрмаған. 

“Отбасылы ер адаммен кездесуге қарсымын. Мен оған дайын емеспін. Біреудің күйеуін қаратып алу маған керек емес. Мен ондайға бармаймын. Бірақ ешкім алдында не боларын білмейді. Ешкім ажырасам деп үйленбейді ғой. Сол секілді өмірде түрлі жағдай болады. Нақты мынау дұрыс емес деп те айта алмаймын. Бірақ мен ешкімнің тоқалы емеспін, екінші әйелі емеспін. Мен жалғыз басты әйелмін”, – деді ол. 

Талқылау