Елімізде оқушыларға үзіліс кезінде асық ойнауға кеңес берілді
“Асық ату” ойыны балалардың көңілін гаджеттер мен смартфондардан бөліп, физикалық және психологиялық дамуына оң әсерін береді, деп санайды “Асық ату” республикалық федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов.
Жомарт Сабыржановтың айтуынша, қазір көптеген балалардың денсаулығы нашар. Оның себебі көп қимылдамай, күні бойы компьютер алдында отыру, гаджеттерден айырылмай, таза ауада көп уақытын өткізбеу болып отыр, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Сол себепті, осы ойынды балалар арасында насихаттап, қоңырау кезінде асық атып ойнауға кеңес береді. Атқарушы директор асық ойынының пайдалы тұстарын атап өтті: қолдың икемділігін арттырады, бас миының екі жарты шарын да қатар дамытады, логика мен когнитивті қызметті жетілдіреді.
Тағы да оқыңыз:
Бар жанымен беріліп өлең оқыған қыз желіде жұлдыз болды (видео)
Өскеменде 2 жасар баланы аяусыз сабаған балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді