Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі елдегі барлық мектептерде тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді

Петропавлдағы мектептердің бірінде оқушыларға жасалған қарулы шабуылдан кейін барлық мектептерде тексеріс жүргізіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мектеп

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің мәліметінше Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылған.


Петропавл қалалық білім басқармасы мектепте оқушыларды жарақаттаған жасөспірімге қатысты пікір білдірді


"Комиссия құрамына балалардың құқықтарын қорғау Комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар. Айта кетейік, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып келіп, бірнеше оқушыны жарақаттаған еді. Қазіргі уақытта екі жасөспірім басы мен білегінен пышақ жарақатымен балалар ауруханасында жатыр, үшіншісі оқиға орнында медициналық көмек алған. Мектепте тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мектеп оқушыларына шабуыл жасады деген күдікпен жасөспірімнің ұсталғанын мәлімдеді.

 

Талқылау