"Мектепке балта мен пышақ әкелген": Петропавлда 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады
Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып келіп, бірнеше оқушыны жарақаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 7.50 шамасында болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге асүйде қолданылатын пышақ пен балта ала келген.
“Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"