Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өкпені тесіп, анализ алады": Фариза Төреәлі қатерлі ісікпен қалай күресіп жатқанын айтты

Қатерлі ісікке күдік бар деп Түркияға ем алуға кеткен Төреғали Төрәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі емнің қалай жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер емнің қалай жүріп жатқанын бастан-аяқ жеке парақшасында жазып отыр. 

“Қазір бірнеше дәрігерге кіреміз. Өкпемді тексеретін болады. Биопсия алып, оны текспекші екен. Көп анализ тапсырып жүрген соң, өзім де көп уақыт аш жүрмін. Тіпті сағаттап тамақтанбадым. Хирург операция қалай болатынын айтты. Жай ғана өкпедегінің не екенін білу үшін ота жасайды. Ол үшін кеуде жақты теседі екен. Әр мемлекеттің емдеу түрі әртүрлі. Біздің елде кеудені дәл ортасынан теседі екен. Тек анализ үшін пышаққа түскім келмесе де, келісуге тура келді. Тесіп жасайтын биопсия Түркия мен Кореяда ғана бар екен”, – дейді блогер.

Түркиялық дәрігерлер отаның қалай болатынын түсіндіріп, қолдау білдірген көрінеді. Сонымен бірге блогердің оқырмандары да үздіксіз тілек жаудырып, лебіздерін білдіріп жатыр. Бір оқырманы “Миллионға сағат тағып, не ішіп, не жейтініңізді жиі саласыз. Қатерлі ісікті жеңген адам ретінде айтарым, ауру көзден де болады. Танымал адамдар дүниемен мақтанбаса игі” деп жазған оқырманына жауап берді.

“Ауру бай не кедейді, атақты мен атағы жоқ адамды таңдамайды екен. Емге мүмкіндігі жоқ, өз өмірін көрсетпейтін қаншама адам ауырып жатыр. Қиналып, сыналып жатқан адамға жақсы сөз айтыңдар, болмаса үнсіз өт. Ертең сені не күтіп тұрғаны белгісіз. Қандай байлыққа етіп жатсақ, ол – өзіміздің несібеміз. Дархан екеуміз бәрін басынан бастағанбыз. Ешкімге қол жайып бармадық. Тапқан табысым – өзіміздің күш. Тек еңбек ету керек. Одан кейін блогер болғасын бақытты сәтім мен мұңайғанымды да бүкпесіз көрсетемін. Сол шынайылығым үшін де оқырманым менімен бірге. Осындай ауыр сәтте адамдардың жауыздығы да жанды жаралайды. Ақыл айтатын сымақтарға мән бермеуге шақырамын”, – деп жазды Фариза. 

 

Талқылау