Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист СҚО-да ауыл әкімінің Porsche Cayenne көлігі барын анықтады: Шенеунікке қатысты тергеу басталды

Солтүстік Қазақстан облысы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатаев журналист Асхат Ниязовтың "Обожаю" Youtube-арнасына сұхбат бергеннен кейін тергеуге алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыл тұрғындары сол түсірілімде округ басшысының жұмысына наразылықтар білдірді. Астраханда 30 жыл бойы асфальт жөнделмеген.

Сюжетте әкімнің сөздерінде шикілік байқалған. Ол қызметтік "Нива" көлігі үшін бюджеттік ақшаға жаңа резеңке сатып алғанын хабарлады. Бірақ журналист Асхат Ниязов көліктің ескі резеңкемен тұрғанын анықтады. Қабатаевтың Porsche Cayenne автокөлігі бар. Ол мұны әпкесімен бірге 5 миллион теңгеге сатып алғанын айтты.

Сондай-ақ әкім тазалаушы әйел қолғап, шүберек пен ұнтақты өз есебінен сатып алатынан жоққа шығарды. Алайда әйел түсініктеме беруден бас тартты.

Руслан Қабатаев – сайланған әкім, Қазақстан Халық партиясының мүшесі. 

Астрахан ауылдық округі кіретін Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев Руслан Қабатаевтың хаттамалық тапсырмаларды орындамағаны үшін сөгіс алғанын және ауыл әкіміне қатысты шағымдар көп екенін білетінін хабарлады.

Кейін қызметтік тергеу басталғаны анықталды.

"Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады Аққайың ауданының әкімдігі.

Талқылау