Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Об асфальт размажу" деді: Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелінен қорқатынын айтты

"KeshYou" тобының экс-солисі, әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали өз өмірі жайлы айтты. Айқынмен қалай танысқанын, Айқынның бірінші әйелімен болған кикілжің жайлы ашық баяндады. Біраз уақыт Айқынмен араздасып, қайта қосылғанын жеткізді. 

Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтылды. 

Жұлдыз Өмірғали Айқын Төлепбергеннің қазіргі жары. Жұлдызды жұп бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Айқынның бірінші некесінен туған ұл-қыздарымен жақын араласады. Алайда Жұлдыз әншінің бірінші жары Әселмен кездесіп көрмеген. 

"Алғашында Айқынмен тойда кездестім. Іс-сапармен жүрген едік. Ол кезде "KeshYou" тобының мүшесімін. Айқын маған смс жазып, солай сөйлесіп жүрдік. Кездестік. Маған гүл шоқтарын сыйлап, көңілімді аулады. Мен оған ғашық болдым. Ол маған ғашық болды. Ғаламтордан Айқын туралы ақпараттар іздеп таппадым. Отбасы, әйелі туралы ақпарат болмады. Мен отбасылы азамат басқа қыздармен сөйлеседі деп ойламадым.



Сондықтан әйелің бар ма деп сұрамаған екенмін. Бір күні Айқын ұлымен киноға бара жатқанын айтты. Мен ол кезде ажырасқан екен ғой деп ойладым. Ол маған отбасы туралы тақырыпта сөйлескісі келмейтінін айтты. Кейін Балжан, Бота, басшым Назыммен дастархандас болып отырғанда Айқынмен кездесіп жүргенімді айттым. Бастығым Назым маған ұрсып кетті. Айқынның әйел, бала-шағасы бар деді", - дейді Жұлдыз. 

Әншінің айтуынша, ол осы әңгімеден соң Айқынмен арақатынасын үзген. Алайда Айқын үйіне келіп, қайта татуласқан көрінеді. 

"Бір айдай сөйлеспей кеттік. Айқын пәтеріме келіп, есікті даңғырлатты. Мен аштым. Оған кездесе алмайтынымды айттым. Ол менсіз де әйелімен ажырасқалы жүргенін айтты. Ол әйелімен тұра алмайтынын мойындады. Екеуміз жылап қайта табыстық. Назым оған өз жөніңмен жүр деп ескерткен еді. Бірақ біз қайта сөйлестік.  5 жылға "KeshYou" тобымен келісім-шартқа отырған едім. Бірақ 5 жылға жетпей мен шығып кеттім", - деді Өмірғали. 

Жұлдыз Әселмен әлі де кездеспегенін айтады. Тек телефонмен ғана сөйлескен екен. Алайда Айқынның бірінші некесінен туған ұл-қыздарымен жақын араласады. 

"Әсел маған "об асфальт размажу" деген еді бастапқыда. Қазір не істейтінін білмеймін. Мен ешқашан ешкіммен төбелесіп көрмегенмін. Сондықтан қорқамын. Онымен Аңсарды апарып тастағанда немесе алып кететін кезде телефонмен сөйлескенмін. Бірақ өмірде кездесіп көрмеппін. Мен бұрын Әсел өзі кінәлі, менің қатысым жоқ, Айқын өзі ғашық болды деп ойлайтынмын. Қазір үшеуміздің де кінәміз бар екенін білемін. Сондықтан Әселден кешірім сұрауға дайынмын", - дейді әнші. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр